ТҰТЫНУШЫЛАР НАЗАРЫНА
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен қадағалау іс-шараларын жүргізу аясында электрмен жабдықтау қызметін көрсететін «Энергосервис» ЕЖШС-ін ішінара тексеру қорытындысы бойынша электр энергиясымен жабдықтау қызметінің қолданыстағы шекті бағасын2018 жылдың 1 маусымынан бастап 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен 17,74 теңгеден 17,70 теңгеге төмендету туралы дәлелді қорытынды берілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6 бабының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Департаментпен облыстағы екі энергиямен жабдықтаушы ұйымдар –«Шиелі жарығы» және «Дәулетэнерго» ЖШС-терінің2017 жыл қорытындысы бойыншаэлектр энергияны бөлшек саудада өткізу қызметтері бағасына сараптама жүргізіліп, нәтижесінде электр энергиясы үшін қолданыстағы баға мөлшері төмендетілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дәлелді қорытындымен электр энергиясының орташа босату бағалары төмендетілді, оның ішінде1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен:
- «Шиелі жарығы» ЖШС – 18,45 теңгеден 18,05 теңгеге2,2 пайызға,
- «Дәулетэнерго» ЖШС – 18,48 теңгеден 18,40 теңгеге0,4 пайызға.
Осылайша, Департаментпен жеке тұлғаларға тұтыну көлеміне қарай және тұтынушылар топтары бойынша электр энергиясына арналған сараланған тарифтері төмендетуге қарай қайта қаралды.
Ал, 1 маусымнан бастап «Энергосервис» ЕЖШС-і бойынша 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен баға:
жеке тұлғаларға тұтыну көлеміне қарай:
70 кВт.сағатқа дейін -15,10 теңге,
70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін-19,44 теңге,
150 кВт.сағаттан жоғары-24,31 теңге.
Заңды тұлғалар үшін: бюджеттік мекемелерге – 25,29 теңге, басқа тұтынушыларға-17,87 теңгені құрды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті