ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНА МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Қазақстан журналистері Одағы – еліміздегі қалам ұстаған тілшілер қауымының басын біріктіріп отырған белді ұйымның бірі. Бүгін аймағымыздағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қазақстан журналистер Одағына мүшелікке қабылданды.
Ақпарат құралдары өкілдері арасында қалыптасқан жақсы бір дәстүр бар. Ақпарат айдынында арпалысып жүретін кәсіп иелері, әсіресе, жас тілішілер төл мереке қарсаңында кәсіби Одаққа мүшелікке қабылданып, мерекеде құрметке бөленеді. Сыр өңіріндегі бірнеше республикалық телеарнаның меншікті тілшілері мен жергілікті басылымдарда қызмет етіп жүрген озық ойлы журналистер «Сыр медиа» ЖШС ғимаратында бас қосты. Оларды Қазақстан Журналистер Одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев қабылдап, кәсіби Одақтың куәлігі мен төсбелгісін табыстады.
«Kyzylorda-news»