ПРОБАЦИЯ ҮЙІНДЕ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Т.Алибаев және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Ғ.Отарбаев пробация қызметінің есебіндегі шартты түрде мерзімінен босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға құқықтық көмек көрсету, пробация қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға 15 азамат келіп, толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойды. Пробациялық бақылауға алынған азаматтардың тарапынан жиі қойылған сауалдар - мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары, жақын уақыттары амнистия болу мүмкіндігі.
Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі ескерусіз қалмады, әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.
Атап өтерлік жайт, пробациялық бақылаудағы азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесі - олардың мәселелерін жедел түрде шешіп, уақытылы заң тұрғысынан көмек көрсетуде маңызы зор.
Қызылорда қалалық пробация қызметі