ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОР АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры Меморандумға қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты тұтынушыларға бірлескен методикалық және кеңестік көмек көрсету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау іс-шараларын жүзеге асыруда бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыру, тұрғындар арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызығушылық тудыратын ақпараттармен жедел алмасу.
Іс-шара барысында жұмыста пайдалану үшін қоғамдық қорға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ақпараттық буклеттер мен брошюрлар берілді.