ҚҰТҚАРУШЫЛАР АРАЙ – SUNRISE ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНДЕ

Аталған іс-шараның басты мақсаты – балалардың судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады. Құтқарушылар құтқару қызметінің «112» телефон нөмірін демалушылардың естеріне салды.
Жасақ құтқарушылары өз қызметінің ерекшеліктері жайлы айтып берді. Сонымен қатар, сүңгуір жабдықтарын көрсетіп, қандай жағдайға арналған және қолдану тәсілдерімен егжей – тегжейлі таныстырды.
Балалардың ерекше назарына акваланг құралы ие болды. Қалаған оқушы жабдықтармен жақынырақ танысып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жасақ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту үнпарақшаларын таратты.
Іс-шара барысында кинологиялық бөлімнің басшысы Қанат Тұрғанбай құтқарушы кинологтардың күнделікті өмірі туралы әңгімелеп берді. Құтқарушы өзінің итімен қызықты, жарқын және динамикалық шоу-бағдарламаны көрсетті. Көрсетілім барысында лақап аты «Шанель» иті жалпы біліктілікті арттыру курстары аясында өз дағдыларын көрсетті. Кинолог өзінің итіне бұйрық берсе, оны сөзсіз оларды орындады. Балалар бұл көрсетілімге қуанышты болып, олар үшін бұл қызықты мереке болды.
Балалар оқыту процесіне бар ынтасымен қатысты. Лагерь ұжымы мен оқушылар үшін бұл іс-шара жаңалықтармен танымды ақпаратқа толы болды.


