АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобалары мақұлданды. Осы заң жобаларының нормаларына сәйкес, адвокат мамандығына қол жеткізуге, бәсекелестікті арттыруға және олардың санын көбейтуге мүмкіндік беретін бастапқы нысаналы жарналарына тыйым салынған.
Кіру жарналарына толықтау тиым салу адвокатураның мүліктік мүдделеріне қиындық туғызбайды. Мақсаттық жарналар адвокаттардың барлық қауымдастығының келісілген шешімімен белгіленеді және бақылауда болуы мүмкін. Кіру жарналары мақсатты бағыттармен сипатталмайды және тағайындалуы бойынша шығысталмауы мүмкін.
Сондай-ақ, РАА заң кеңсесін ұстауға қажеттілікті тудыруға әкеп соғатындығын көрсетуде. Бірақ бұл мәселе ойлап табылған болып табылады. Заң консультацияларын құру қажеттілігі Е-адвокатура ақпараттық технология базасын (онлайн-кезекшілік) қолдануды енгізумен едәуір төмендейді. Заң консультациясын құру жас адвокаттардың қызметінің физикалық орнын таңдау құқығы болмайтындай шешеді. Кіру жарнасының соммасының орнына олардың ерікті түрде тиімді орын таңдауы үшін пайдалуына болады.
Мұндай кіру жарнасы мүліктік кедергі болып табылады. Тағылымда өту құны бір жылға 140 мыңнан 280 мыңға дейінгі көлемде. Ал адвокаттар алқасына кірудің алғашқы жарнасы әр аймаққа қарай 800 мың теңгеден асып түседі. Яғни, адвокат статусын алу үшін орта есеппен алғанда 1 млн. теңге қаражат қажет. Сонымен қатар адвокат болу үшін адвокаттар алқасында 1 жыл ішінде тағылымдама өту қажет және бұл кезеңде тағылымдама өтушіге еңбекақы төленбейді.
Азаматтардың көпшілігіне мұндай жағдайлар қиындық туғызады.
Статистикаға тоқталып өтетін болсақ, бүгінгі күні республика бойынша 4 683 адвокат бар, яғни бұл нақты адвокаттар алқасына кірген тұлғалар саны, сонда 3900 адамға 1 адвокаттан келіп отыр.
Германияда 500 адамға 1 адвокаттан, Францияда 1200 адамға шамамен 1 адвокаттан келіп отыр. Соңғы 4 жылда не бәрі адвокаттар саны республика бойынша 300 адамға ғана көбейген. Аталған сандық көрсеткіш адвокат қызметіне тапшылықтың бар екендігін көрсетеді. Халықаралық тәжірибеде мысалы АҚШ, Германияда, Францияда, Чехияда, Польшада, Латвияда, Украйнада, Беларуссияда кіру жарналары жоқ.
Осыған орай кіру жарналарын толықтай алып тастау ұсынылды, бұл жоғарғы оқу орындарының бітіруші түлектерімен, жас заңгерлермен қолдау тауып отыр.
Ұ.ОРАЗГЕЛДІ,
Қызылорда облысы Әділет департаменті
басшысының орынбасары,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі