Е-ДДО ЭЛЕКТРОНДЫ БАЗАСЫ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ?
Технологияның қарыштап дамыған заманында оған ілесіп жұмыс жасау керек-ақ. Осы орайда, Қызылорда қаласының білім бөлімі тарапынан «Е-ДДО» тұғырнамасы базасында «Data Evolution» ақпараттық жүйесімен «Балаларды балабақшаға автоматты түрде бөлу жүйесі» туралы жобасы қолға алынды. Бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, бүгінде бұл бағдарлама өз жұмысын жүзеге асыруда.
Аталған жобаның мақсаты:
балабақша жұмысын автоматтандыру процесіне көшіру;
балаларды кезекке қою (тіркеу);
жолдама беру;
персоналды басқару;
балабақшаларға балаларды тіркеу;
аналитикалық және статистикалық есеп жасау.
Сондай-ақ, аталған ақпараттық жүйенің ұсынып отырған жобасының артықшылығы барлық көрсетілетін қызмет түрлері электронды түрде жүргізіледі және әрбір қолданушы немесе ата-ана бұл жүйеге кез-келген уақытта кіріп, баласы орналасқан жеке балабақшалардағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға (оқу, тәрбие, балабақшаның жалпы жағдайына) баға бере алады.
Аталған жоба мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және балабақшаларға берілетін мемлекеттік тапсырыстың мақсатты жұмсалуына оң септігін тигізеді.
2017 жылы 27 қазандағы Қызылорда қалалық мәслихаты сессиясының шешіміне сәйкес қалалық бюджет есебінен 012 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына Date Evolution платформасы негізінде мемлекеттік тапсырыс қабылдаған мектепке дейінгі ұйымдарды Е-ДДО ақпараттық жүйесімен қамтамасыз етуге 11215,0 мың теңге бөлінген. Е-ДДО бойынша курстың 1-кезеңі 2017 жылдың қараша, желтоқсан айларында барлық жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға оқу курстары өткізілді.
Қазіргі таңда курстың ІІ кезеңі жүріп жатыр, яғни Е-ДДО базасына барлық 245 мектепке дейінгі ұйымдар мәліметтер енгізуде.
Әрбір мектепке дейінгі ұйым Е-ДДО базасына балабақша туралы мәліметті, тәрбиеленуші балалардың тізімін, ондағы педкадр жөнінде толық мәліметтерді, сондай-ақ кадрлық бос орындар жөнінде мәліметтерді енгізеді.
Сондай-ақ бұл жобаның артықшылығы – білім бөлімі қызметкері мен кәсіпкер арасында контакт болмайды, яғни барлық ай сайынғы көрсетілетін қызмет түрлері (жолдама беру, атқарылған жұмыстың актілерін қабылдау ) электронды түрде электронды қол қою түрімен жүзеге асырылады.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі