ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасының барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2018 жылы 15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:
-«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
-11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі,
- отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;
- оқу процесін цифрландыру;
- оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері егізілген.
Аталған іс-шараларды өткізу нысандары ретінде жалпы мектептік ата-аналарының жиналыстары немесе білім деңгейі бойынша ата-аналар жиналысы белгіленген.
Ата-аналар жиналысына барлық ата-ананың қатысуы маңызды!