ЖАСТАР АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ
Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңажол, Тұрмағамбет, Ақжар ауылдық округінде, Елбасы жолдауын жастарға жеткізу, жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еркін форматта дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған шарада «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Нұрмағанбетова Елбасы жолдауындағы жастарға арналған арнайы бес басым бағытқа тоқталып өтті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімшесінің маманы А.Жұмахмет және А.Татишов Елбасы жолдауында жастарға арналған бағдарламалар төңірегінде қамти отырып, атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
- ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп іске асырып жатқан Жастар корпусын дамыту жобасының тиімділігі зор. Жоба аясында оқымайтын, жұмыс істеметін немесе табысы төмен жастардың 1 миллион теңгеге дейін грант алуына мүмкіндік бар, - деді А.Татишов.
Қызылорда обылыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімінің маманы Ж.Сқақов Қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып келе жатқан «Дін және жастар» деген тақырыпта толық қамтып шықты. Шарада ауылдық округтегі жас мамандар мен жұмыссыз жастар мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңес алып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.