ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ
Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Арман» мәдениет үйінде аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен аймақ меценаттарының қатысуымен «Туған жерге тарту» “Meetap” форматында облыстық шара өтті.
Шараға туған жерлерінің көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер мен жас жеткіншектер қатысты. Онда кәсіптерін дөңгелетіп қана қоймай, өз ауылдарының гүлденуіне үлес қосып, халықтың сұранысына сай спорт кешендері, дәрігерлік амбулатория, аллеялар салған азаматтардың жомарттығы жайында сөз қозғалды. Аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы жастарға меценаттардың туған жерлеріне жасаған тартуын үлгі ете отырып, елжандылыққа шақырды. Сонымен қатар, аймақтың білім, мәдениет, спорт, қоршаған ортаны қорғау салаларына байланысты өзекті мәселелері талқыланып, кәсіпкерлерлдің олардың шешімін табуына қосқан үлестері мен нәтижелері жайлы әңгіме болды. Алмасбек Әбілқасымұлы:
- Бүгінде Шиелі аудының дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматтарды ауыз толтырып айтуға болады. Мәселен, ауданымыздың тумасы Ербол Жеңсікбаев көп қабатты үйлердің сыртын әрлеп берсе, Дәулет Жұмбеков 70 млн. теңгеге, Ерболат Машрапин Алғабас ауылынан 100 млн. теңгеге спорт кешенін салып берді. Соның арқасында балалар бос уақыттарын спорт кешенінде өткізіп, ауыл спортының дамуына үлес қосуда. Алғашқы нәтижелер де бар. Соңғысы аудандық спорт сайыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізсе, алды облыстық, республикалық жарыстарда аймағымыздың атын шығаруда. Сонымен қатар, меценаттардың көмегімен аудан орталығында 30 млн. теңгеге аллея салынды. Ауданда «Мектебіме тағзым» акциясы аясында да көптеген шаралар атқарылып жатыр. Әр жылғы түлектер арнайы оқу кабинеттерін ашып, мектептегі кітап қорының толығуына үлес қосуда, - деді. Өз кезектерінде сөз алған аудан меценаттары да жастарға жалынды сөздерін арнап, елін, жерін сүюге, туған жерге қамқорлық жасауға шақырды. Өздерінің жетістікке жету жолындағы қиындықтары туралы айтып, жастарға алдыға мақсат қою және оған жетудің қыр-сырын айтты.
Шара соңында ел дамуына үлес қосып жүрген бір топ кәсіпкерлер Шиелі ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара нәтижесінде жас ұрпақтың бәсекелік қабілетін арттырып қана қоймай, туған жерге жанашырлық таныту, елдің дамуына үлес қосу және табысты болудың сырына қанықты. Жас ұрпақ аға буын өкілдерінің туған жерге жасаған қамқорлығынан үлгі алып, өздеріне меценаттардың табысты жолын өнеге тұтады деген ойдамыз.