РУХАНИ ДАМУЫМЫЗДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Рухани жаңғыру бағдарламасында заманауи жаңғыру, оның ішінде рухани жаңғыру мәселесі талданып, алдымыздағы жылдарға ауқымды міндеттер қойылған. Ал, бұл міндеттердің елге, халыққа берері көп.Сондықтан елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасы санасы сергек, болашақты ойлайтын әрбір Қазақстандыққа өте түсінікті деп ойлаймын. Онда халыққа барлық мәселелер өте нақты түрде және бүгінге дейінгі айтылған еліміздегі саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесінің негізгі ұстыны — рух мәселесін көтеру керектігі айтылған.
Біздің халқымыз үшін бұл бағдарламаның орны ерекше. Бұл — рухани дамуымыздың бағдарламасы. Елбасымыз айтқандай, рухани мәселелер ең бірінші орында тұруға тиіс. Халқымыздың рухының бүтіндігін сақтау, жоғын тауып беру — бұл мәңгілік мәселе. Міне, осы мәселелерге Елбасы нақты тоқталып, өз мақаласында негізгі проблемаларды шешудің жолдарын және оларды қалай өзгерту керектігін айтып берді. Отанымызға деген жастардың патриоттық сезімін оятатын осынау мақаланы күнделікті басшылыққа алсақ, нұр үстіне нұр болар еді.Елбасымыздың осынау көреген саясаты арқылы біз қазақтың тектілігін сақтап қала аламыз.
Т. Шермаханов
Қазалы ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы
№204 орта мектеп директоры