ҚЫЗЫЛОРДАДА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қызылорда облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының отырысы басталды. Екі күнге созылатын комиссия Орталық Азия мемлекеттерінің Арал теңізі бассейніндегі су шаруашылығы мәселелерін шешуге арналған алаңы болып табылады.
Шараға ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары Министрінің орынбасары Рахимзода Султон, Түркіменстан су және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Байрамдурдыев Магтымгулы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов қатысуда.
Жиын барысында қатысушылар су тоғандары лимитін пайдаланудың қорытындысын шығарып, Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймасы кешендерінің жұмыс режимі туралы баяндайды. Сондай-ақ, тараптар 2018 жылға арналған су тоғандарының лимитін бекітіп, су қоймасы кешендерінің жұмыс режимінің болжамды кестесін бекітуді келіседі.