ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Құтқарушы мамандығы қиын және экстремалды жағдайларда жұмыс атқарулармен байланысты. Бұл жағдайлар оқу процесінде немесе шынайы төтенше жағдайларда болсын, бірдей қызмет атқарады. Осындай жағдайларда құтқарушылар толық экипировкаларымен жартылай қираған ғимараттарда, түтінді бөлмелерде, көру аумағы шектеулі аймақтарда тапсырмаларды орындау үшін көптеген кедергілерден өтеді. Осылардың бәрі құтқарушылардың кәсіби дайындықтарының жетілдіруін талап етеді. Атап айтқанда күш-жігер, шыдамдылық, жылдамдық, бағыт алу және жылдам шешім қабылдау.
Осы орайда «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары түтінді ортада құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша біліктілігін арттыру және жетілдіру мақсатында Қызылорда қаласы «ӨСжАҚЖ» мемлекеттік мекемесі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында орналасқан жылутүтінкамерасында «Драгер» тыныс аппараттарын пайдалана отырып, практикалық жаттығулар өткізді.
Практикалық жаттығуларды жүргізу алдында құтқарушылар техника қауіпсіздік нұсқаулығынан өтті.