ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ

Аталған Жолдауға байланысты облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен қала мекеме, оқу орындарында қызметкерлермен кездесулер өткізіліп, насихат жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, департамент басшысының орынбасары И.Бакишевамен «Ы.Жахаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де, Қорқыт Ата атындағы МУ-нің тарих, филология, құқықтану факультетінің оқытушылары және студенттерімен кездесулер өткізіліп, дәрістер оқылды.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің (әрі қарай ДЭФЖБҚИ) «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін жақсарту мақсатында 2018 жылдың 1 тоқсанында 7 семинар, 5 «дөңгелек үстел» өткізіліп, 34 мәрте дәріс оқылды. Бұған қоса, басылым беттерінде 2 мақала жарияланды. Сондай-ақ, интернет ресурстарға 10 материалдар орналастырылды.
Қала, аудандық әділет басқармалары құқық иегерлері, кәсіпкерлік палата өкілдерін қатыстырып, «Нұр Отан» партиясы қалалық, аудандық филиалының ғимараттарында 10 рет «Ашық есік» күні өткізіліп, барлығы 22 азаматтың берген сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
ҚР Әділет Министрлігі өткізген «Контрафакт» республикалық акциясының қорытындыларына сәйкес, «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбына үздік мақала конкурсының жеңімпазы болып, Қызылордалықтар Қорқыт ата атындағы МУ-нің құқықтану факультетінің студенті Н.Аманжол, «Контрафактқа жол жоқ» тақырыбына үздік билборд эскизінің жеңімпазы болып Т.Рүстемов жеңіп алды. Сонымен қатар, осы тақырыпқа арнап өлең шығарған «Болашақ» университетінің студенті Р.Зайтжанова конкурста ынталандыру сыйлығын жеңіп алды.
Осы жылдың 21-ақпанында кәсіпкерлік палата, жастар ресурстық орталығы өкілдерінің, студенттердің, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен «Контрафакт» республикалық акциясы аясында ДЭФЖБҚИ «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін арттыру мақсатында «Кәсіпкерлік және зияткерлік меншікті қорғау» тақырыбында семинар өткізілді, Ал 27 ақпанда облыстық кәсіпкерлер палатасында облыстық кірістер, ішкі істер, әділет департаменттері өкілдерінің қатысуымен брифинг кездесу өткізіліп, онда зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мақсатында қылмыстық және әкімшілік істерді анықтау бойынша жұмысты күшейту жұмыстарын жандандыру туралы мәселелер қозғалды. Өткізілген іс-шаралар Әділет департаментінің Фейсбук парақшалары мен Веб-Сайтқа шығарылуда.
З.ҚАНАПИНА,
Қызылорда облысының әділет департаментінің бас маманы