МҰНАЙШЫЛАРҒА ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ТЕРІС ӘРЕКЕТТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан ешкімнің діни сенімі мен бостандығына шектеу қоймайды. Керісінше, еліміздегі тіркелген конфессисялар арасында алауыздық, төзімсіздік орнығуына жол бермей, рухани келісімнің өзіндік үлгісін қалыптастырып келеді.
Десекте, соңғы кездері деструктитвті діни ағымдағылар қоғамдағы түрлі діни, мәдени және рухани құндылықтарға қарсы пікір білдіріп, өздерінің жат ұстанымдарын желеу етуді көздеуде.
Осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен облыстың барлық өңірінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алуда тұрғындардың діни сауатын арттыру мақсатындағы түрлі сала өкілдерімен кедесулер үздіксіз өткізіп келеді.
Осы орайда, аталған орталықтың ұйымдастыруымен аймақтағы мұнай кеніштеріндегі жұмысшылармен де «Зайырлылық және дінаралық қағидаттардың арақатынасы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Шарада зайырлы мемлекет пен конфессияаралық қарым-қатынастар, рухани келісімнің рөлі, толеранттылықтың маңызы және деструктивті діни ағымдарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Атап айтқанда, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС, «CNPC АйданМұнай» ЖШС, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ҚОР» МК АҚ, «Саутс Ойл» ЖШС және «ТорғайПетролеум» АҚ-на қарасты кеніш орындарында кездесулер өтті.