ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алдымен, ҚІЖД бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Н. Искакованың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамада әйелдер кеңесінің жыл көлемінде атқарылған жұмыстары барысына тоқталды.
Сонымен қатар,әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, яғни, әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларды мектепке және балабақшаға беру, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық құқықбұзушылық шараларын алдын - алу сынды мәселелер талқылана отырып, заңдық тұрғыдан мәселелердің өз шешімі табылды.
Шара соңында, департамент бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы: алдағы уақытта әйелдер кеңесінің жұмысын әрі қарай жоғарғы деңгейде жандандыруға тапсыра бере отырып, назардан тыс қалдырмай қадағаланатынын айтты.