РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың Қызылорда облысында жұмыс сапары басталды.
Жұмыс сапары барысында республикалық мониторингтік топ Қызылорда қаласындағы ІТ парктің қызметімен танысты. Облыс әкімінің басшылығымен үстіміздегі жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясының Татарстан Республикасындағы Қазан ІТ-Паркының қызметімен танысып, benchmark шешім ретінде облысымызда жүзеге асыруға шешім қабылданды.
Онымен қоса, 2017 жылдың желтоқсан айында қаламызда алғаш рет ұйымдастырылған "HаckDаy-2017" аймақтық фестивалі өңірімізде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талантты жастардың көп екендігін дәлелдеп, өңірімізде алғашқы ІТ-Парктің құрылу қажеттілігін айқындады.
Бүгінгі таңда, IT парк Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың 3-ші қабатында орналасқан.