ӨЗІМЕН ӨЗІ СӨЙЛЕСУ НЕНІҢ БЕЛГІСІ?
Барлығымыз өзімізбен диолог жүргізуге құмармыз. Біз оны іштей, ешкімге білдірмей жасауымыз мүмкін. Бірақ, кейбір адамдар өздерімен дауыстап сөйлеседі. Сырттан қараған адамға, әрине, жағымсыз әрі біртүрлі көрінері анық. Дегенмен, ғалымдар бұны психикалық қателік емес, зияткерлік көрсеткіші ретінде қабылдауды жөн санайды.
Ұлыбританиядағы Бангор университетінің психологитары монологтар адамның зейінін бір нәрсеге аударып, мақсатына жетуге септігін тигізеді әрі адамның ақылын жетілдіреді деген тұжырымға келген. Зерттеу жұмысының авторы Палома Мари-Беффаның (Paloma Mari-Beffa) ойынша, өзіміз өте жақсы білетін адаммен әңгіме айту эмоцияларды басқарып, ойларды реттеуге, мақсат қойып, оған жетуге септігін тигізеді.
Өз-өзімізбен сөйлесу – даму деңгейіміздің бір бөлігі. Психолог Жан Пиаже кішкентай балалар тілі шыққан кезде өз істерін оңай басқаратынын аңғарған. 2008 жылы Джордж Мейсон Университеті (George Mason University) жүргізген зерттеу нәтижесінде бұл гипотеза дәлелденген.
Бангор университетінің зерттеу аясында 28 қатысушыға жазбаша нұсқаулық беріліп, іштей және дауыстап оқу тапсырылған болатын. Сараптама нәтижесінде дауыстау арқылы оқылған нұсқаулық бойынша жұмыс жасағандардың қорытындысы үнсіз жұмыс істеген адамдармен салыстырғанда әлдеқайда сапалы болған.
Зерттеушілер бұл дауыстау арқылы іс әрекетке бағыт бағдар беріп, оларды басқау қабілетінің арқасында жүзеге асады деген тұжырымға келген.
«Өзінің белгісіз әлемінде адасқан, өзімен өзі ғана сөйлесетін ессіз ғалым стереотипі ми жұмысын күшейту үшін жасап жастқан «ғұламаның» әрекеті болуы да әбден мүмкін,»– дейді Палома Мари-Беффа.