БАЛАЛЫ ҮЙ - БАЗАР
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сырдария ауданында «Әжелі үй – назар, балалы үй – базар» атты әже мен немере арасында байқау өткізілді.
- Шараның мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, үлгі-өнегенің ұйытқысы болған ақ жаулықты әженің тілі балдай немереге деген кіршіксіз махаббатын кеңінен насихаттай отырып, жанұяның мызғымас беріктігін сақтау. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар өз жалғасын табатын болады, - дейді орталықтың бөлім басшысы Ж.Тасабаев.
Арнайы қазылар алқасының шешімімен 5 кезеңнен құралған байқауда жүлделі орындар мен арнайы номинацияларға ие болған ақ жаулықты әжелеріміз естелік сыйлықтармен марапатталды.
ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ:
- Байқауға қатысушы талапкерлердің жас ерекшеліктеріне шек қойылмайды;
- Шарттарға сай әр жұп барлық кезеңдерден бірге өтеді;
- Шартта көрсетілген уақыттан ауытқуға болмайды;
- Сондай-ақ, байқауға қатысушы жұптардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне ерекше мән беріледі;
- Талапкерлердің музыкалық жазбалары (минусовка) немесе сүйемелдеу аспабы өз міндеттерінде болады.
1 – КЕЗЕҢ:
Таныстыру (қатысушы жұп, өз қалауы бойынша, қара сөз, өлең, әнмен т.б. өздерін таныстырады) уақыты – 3 минут. 2 – КЕЗЕҢ:
«Әжем айтқан ертегі» ертегі айту (әжесі немересіне ертегі айтып, мағынасын түсіндіреді) уақыты – 5 минут.
3 – КЕЗЕҢ:
«Өнерліге өріс кең»- өнер сайысы (әр жұп қосылып, өз өнерлерін көрсетеді) уақыты – 4 минут. 4 – КЕЗЕҢ:
Сұрақ – жауап (салт-дәстүр мен ырымдарға, жанұялық тәрбиеге байланысты сұрақтарға жауап беру) уақыты – 2 минут. 5 - КЕЗЕҢ:
«Ана көрген тон пішер...» қол өнер бұйымдары сайысы (Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Сырдария ауданының 90 жылдығына, ауыл мектебінің 95 жылдығына арналған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, түсінік айту) уақыты – 3 минут;