СЕЙСЕНБІДЕ ЕЛІМІЗДЕ ШАҢДЫ ДАУЫЛ СОҒЫП, БҰРШАҚ ЖАУАДЫ
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Елдің оңтүстігінде найзағай болады, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Кей жерлерінде тұман, екпінді жел сақталады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдін екпіні 23-28 м/с, кей жерлеріне тұман болады.