ТӨЗІМДІ БОЛУ – ТЕКТІНІҢ ІСІ
Егер кімде-кім басына түскен қайғыға төзімді болса, Алланың бергеніне риза болса, өзіне жамандық жасаған адамды кешірсе, өзі жасағандарына кешірім сұраса, ол жолдағы адам деп саналады да, бәле-жаладан аулақ болады.
***
Пайдасы бар төзім – қайғының бас кезіндегі шыдамдылық.
***
Сіздердің іштеріңіздегі ең батылдарыңыз кім екенін айтайын ба? Ол – ашуын ақылға жеңдіре білген адам.
***
Алла-тағала көршілерінен келген қиянатқа шыдамдылықпен төзген және бұл үшін Алланың рахымын күткен адамдарды ұнатады.
***
Істі сабырмен және төзіммен атқару – Алланың ісі, ал асығыстық – шайтанның ісі.
***
Қайғылы жағдайдың бастапқы сәтінде ұстамдылық көрсету, шын сабырлылық болып саналады.
***
Кімде-кім өз ісін ойлап-пішіп, төзімділікпен атқарса, оның тілегі қабыл болады немесе соған жақындайды. Кімде-кім асықса – шатасады немесе соған жақындайды.
***
Сіздің бойыңызда Алла-тағала сүйетін екі нәрсе ар, олар әрбір істегі жұмсақтық (көнгіштік) және төзімділік.
***
Кімде-кім өз ашуын баса білсе, Алла оған деген өз жазасын қайтып алады. Егер кімде-кім тіліне тиым салса, Алла-тағала оның кемшілігін жасырады.
***
Алла-тағаланың көмегі де мұқтаждыққа қарай беріледі. Қайғы қандай болса, соған лайық төзім беріледі.
***
Сабыр – қуаныштың кілті.
(Мұхаммед пайғамбардың төзім туралы хадистерінен)