ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған К. Тафановты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы бойынша мекемеден шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Оған Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкері және Қызылорда қалалық пробация қызметкері, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі, «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері шақырылған болатын.
«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяталуына байланысты сотталғандардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Босатылушы сотталған К.Тафановқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді.