ҚАЗАЛЫДА 25 МЫҢ ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

Сондай-ақ, биыл Қазалы ауданында жасыл белдеулер орналастыру жұмыстары қолға алынды. Әйтеке би кентінің бас қақпасынан бастап теміржол өткеліне дейінгі аралықтағы 2,6 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылуда.
Жасыл белдеуге сыр талы, үйеңкі, қайың, қаратал сынды 8800 дана тал ағаштары егіліп, күтімге алынатын болады. Екпе талдар пластикалық трубамен тамшылатып суарылып, екі жағы тормен қоршалмақ.
Айта кетейік, аудан әкімінің өкімімен жарияланған көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары 11 наурызда басталған болатын. Содан бері аудан көлемінде 6 рет өткізілген сенбілік жұмыстары өз нәтижесін беруде.

