ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ИМАМДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала және аудан имамдарының білімін жетілдіру семинары жоғары деңгейде өткізіліп, нәтижесінде қатысушыларға өкілдік тарапынан дайындалған сертификат табысталды.
Cеминардың соңғы күнінде «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов, ОІІД-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, АТТ мүшесі Е.Тұрахметов, Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Н.Алтынбеков, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері және «Жәрімбет» мешітінің бас имамы Ә.Ақбаев өзекті мәселелер бойынша баяндамалар оқып, имамдардың сұрақтарына жауап берді.
- Имам – исламның айнасы һәм жауапты тұлға. Қазіргі қоғамға қажетті білімді де білікті имамдар дайындау - басты міндетіміз»-деп, аталмыш жобаның тиімділігі мен пайдасы көп екенін түсіндіріп, жалғасын табатын болады, - деді өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы.