«ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» ЖҮРДЕК ПОЙЫЗЫНА КӨКТЕМГІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Ағымдағы жылдың 11 сәуірі мен 31 мамыр аралығында мерекелік күндерді (27 сәуір мен 1 мамыр, 4 мамыр мен 9 мамыр аралығын) есепке алмағанда «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына көктемгі жеңілдіктер жарияланды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметі жариялады.
Жеңілдіктер мына пойыздар бойынша қарастырылған:
Пойыздар тізімі | Вагондардың түріне қарай қосымша жеңілдіктер көлемі | ||
«Гранд» | «Бизнес» | «Турист» | |
№ 035/036 «Алматы – Атырау» | 10% | 10% | - |
№ 045/046 «Алматы - Өскемен» | 25% | 20% | 20% |
№ 049/050 «Алматы – Орал» | 10% | 10% | - |
№ 089 «Астана – Қызылорда» | 10% | 10% | 10% |
№ 090 «Қызылорда – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 095/096 «Астана – Орал» | 10% | 10% | - |
№ 097/098 «Ақтөбе – Астана» | 10% | 10% | - |
№ 701/702 «Алматы – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 709 «Шымкент – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 710 «Астана – Шымкент» | 10% | 10% | 10% |
Сонымен, аталмыш пойыздарда динамикалық тарифтік реттеу бағдарламасы жұмыс істейді. Ол билетті сатып алу күніне және оған деген сұранысқа байланысты билет құнының өзгеруін қарастырады. Пойыз билетін алдын ала (45 тәулікке дейін) сатып алған жолаушы базалық құнынан 35%-ға төмен сатып ала алады. Айта кетейік, билеттің бағасы жол жүру датасы жақындаған сайын және оған деген сұранысқа байланысты арта түседі.
Осылайша, көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып жолаушылар 11 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жағдайда максималды 50%-ға дейін жеңілдікті ала алады.