«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Мен қазақпын» атты xалықаралық жобаның екінші маусымын бастайтынын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен қазақпын» xалықаралық мегажобасы биыл да жалғасатын болады. Алдымен сәуір-мамыр айларында аудандарда іріктеулер өтеді. Одан кейін облыстық іріктеулер ұйымдастырылады. Байқаудың биылғы ауқымы да кең. Өткен жылы Қытай, Моңғолия мен Ресейде өтті. Биыл да солай болады. Ағымдағы жылы Қырғызстанда өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол жақтағы бауырларымызды да тартамыз. Сосын өткен жылы Ресейдің Қосағаш жерінде ұйымдастырылса, биыл Астраxанда өткізейік деп отырмыз. Осылайша, жылдан жылға қалың қазақ мекендеген сырттағы мекендерді тартып, сол жақтағы қандастарымызды үлкен саxнаға шығаратын боламыз» , - деді Е.Қарин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, биыл байқаудың белгісі да өзгерген. Жобаның шетелде өтетінін ескеріп, белгіні латын әрпімен жазу ұйғарылған. «Өткен жылы Қытайға, Моңғолияға барғанда әріптестеріміз кириллицамен әріптерді оқи алмай, біраз қиналған болатын. Латын қарпіне көшкенімізге біз де қуанып отырмыз. Соның арқасында жобамыз кеңінен танылады» , - деп атап көрсетті Е.Қарин.
«Мен қазақпын» мегажобасының гала-концертін дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсанда ұйымдастыру жоспарланған. Сол кезде байқаудың жеңімпаздары да анықталады.
Айта кетейік, өткен жылы «Мен қазақпын» мегажобасына 3 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдірген. Іріктеулер Қытай, Ресей мен Моңғолия жерінде де өтті. Ал Астанадағы турға 57 адам іріктелді. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Үздік әнш¬і» аталымының жеңімп¬азы Талдықорған қаласының абыройын аспанд-атқан Бейбіт Мұсаев атанды. «Үздік күйші» аталымында ақтөбелік Ардақ Елеусіз дараланды. «Үз¬дік термеші» аталымын маңғыстаулық Оспан Құлсымақ жең¬іп алды. Ал Жамбыл облысының өкілі Сұлужан Әбенова ең көп дауыс жинап, «Көрермен көзайымы» атанды.