ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ МҮШЕСІН ҚҰРЫҚТАДЫ

Жасаған бұзақылық қылмысы үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы Қызылорда облысы сотының үкімінен кейін қашып кеткен 25-жастағы тұлға өткен жылдың қараша айынан бастап іздеуде болған.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бірнеше қылмыстары үшін сотты болған.