ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ

Додаға барлығы 8 команда, 100 қызметкер қатысты. Тартысты өткен кездесуде І орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы иеленді. Ал келесі жүлделі орынды Қызылорда қаласының ішкі істер басқарманың Тергеу бөлімі құрама командасы алса, ІІІ орынға Қызылорда облысының мамандырылған күзет қызмет басқармасы тұрақтады.
Сондай-ақ, жарыс шеңберінде «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік қақпашы», «үздік ойыншы» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.