«АТАМЕКЕН» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Оқу-жаттығуға сауда орталығына келушілер, жалға берушілер, аталған сауда үйінің қызметкерлері қатыстырылды. Негізгі іс-әрекетті ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы, «Атамекен» сауда орталығының мамандары атқарды. Оқу-жаттығуға облыстық ТЖД бастығы О. Бержанов, Қызылорда қаласы ТЖБ бастығы Е.Әлішеров, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Н. Ибрагимов, аталмыш нысанды тексеруші, Қызылорда қаласы ТЖБ бас маманы Ғ.Бабаев, аталмыш сауда орталығының басшылығынан Б.Пірімжанов қатысты.
Оқу-жаттығу шарты бойынша электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан бірінші қабаттағы баспалдақ астында өрт тұтанды. Өртті байқасымен орталықтың қызметкерлері өртке қарсы қызметіне хабар береді және адамдарды ғимараттан шығару жұмыстарын атқарады.
Төрт минут өтісімен оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келіп жетеді. Барлық жедел әрекет ету тобы шұғыл қимыл жасады. Жанған өнімдердің түтініне уланған зардап шегушілерге жедел көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер мен қаланың жедел әрекет ету тобының шұғыл іс-қимылының арқасында шартты «өрт» дер кезінде сөндірілді және ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің көлемі 50м2 құрады.
«Атамекен» сауда орталығында жалпы көшеге шығатын 3 есік бар (2 эвакуациялық есік және күнделікті сауда орталығына келушілер кіріп-шығатын 1 негізгі есік).
Оқу-жаттығуға ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің күш-құралдары, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы, жергілікті полиция қызметі, «Қазтрансгазаймақ» АҚ филиалының авариялық қызметі, сондай-ақ «Атамекен» сауда орталығының қызметкерлері атсалысты. Өрт-тактикалық жаттығу аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов іс-әрекеттерді талдауды өткізу барысында «Атамекен» сауда орталығының қызметкерлеріне өрт кезіндегі және өрт қауіпсіздігінің бұзылуы жөнінде атап көрсетті.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы