ҚЫЗЫЛОРДАДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдіктің ұйымдастыруымен, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде облыстық имамдардың білімін жетілдіру бойынша үш күндік семинар басталды.
Жан-жақты қамтылған семинар жоспарына сәйкес, облыстағы білікті мамандар: Б.Убаев, Д.Құрманбаев, Ә.Ақбаев, Б.Сүлейменов, М.Абжалелов, Қ.Отызбаев, П.Шарапатова және облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Ханафи мазхабының намаз тарауындағы дәлелдері, Дағуат мәселелері, Муташабих аяттар мен хадистерді түсіну тәсілдері, Жаназа және жерлеу рәсімдері, Құран сабағы, БАҚ пен әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану. Сонымен қатар, мақала жазу әдісі «Тағам өнеркәсібіндегі қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз етуде Халал стандартының рөлі», Дін мен дәстүр, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң, «Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі» бағыттары бойынша өткізілетін сабақтар басталып кетті.
Семинар соңында, қатысушыларға өкіл имам атынан тағайындалған сертификат табысталатын болады.