АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Қызылорда қаласында Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Мерей шағын ауданында өткен жәрмеңкеге 11-ден астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Оның ішінде 8,1 тонна көкөніс өнімдері, 2,8 тонна балық өнімдері мен 5,5 тонна ет өнімдері, жалпы құны 5 млн теңге көлемінде тауар өнімдері тұтынушыларға сатылымға шығарылды. Тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.