КУРСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Қазіргі мектепті басқаруды ізгілендіруге байланысты мектепті басқарудың әдіс-тәсілдерін, көшбасшылық міндеттерін терең түсіндіруде Аудан бойынша мектеп директорлары жаппай курстан өтуде.
Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының менеджмент және ақпараттық технолгиялар кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық дәрежедегі тренер Сүлейменова Гүлнар Абдоллақызы «Білім берудегі жаңа философиялық тұжырымдамалық ойлар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару» тақырыбында 26.03 – 06.04.2018ж күндері аралығында қысқа мерзімді курс бағдарламасымен дәріс беруде. Курстың алғашқы күнін ынтымақты сәлемдесуден бастап, бірлескен жұмыстар нәтижесінде мектептің даму бағдарламасы, Нәтижеге бағытталған басқару үлгісі, міндеттері күн сайын қызықты іс - әрекеттер арқылы көз жеткізу, нақты жоспар жасау, талдау, нәтижеге қол жеткізудің ізгілікті істермен танысудамыз. Гүлнар Абдоллақызы әрбір қызықты сабағы мен жаңа технологияларды қолдану әдісі, өз әрекетімізді ілгері дамытуға жол көрсетуде. Көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өз даму жолымызда қолайсыздық пен келіспеушілікті жеңе білетін ізгілікті із салар қызықты сабақтар, тренингтер, шебер орындаушылық тапсырмалар жүйесін таныстырып, әр сабақта нақты жоспар жасау, ұйымдастыру, бақылау әдістерін таныстырған тартымды шебер сабақтарымен өткізуде. SMART оқыту жүйесінің ерекшеліктері, SMART технологияларды енгізу негізінде білім берудің жаңа бағыты түсіндірілуде. Сондықтан жоғарғы деңгейдегі топ менеджері – мектеп директоры.
Осы дәріс бойынша менің түсінгенім мектеп директорының тұлғалық үлгісі:
1)Басқарушы;
2)Көшбасшы;
3)Дипломат;
4)Тәрбиеші;
5)Жаңашыл педагог;
6)Болжаушы;
7)Мәдениетті адам, қарапайым, айналасына үлгі болатын адам.
Ұлы педагог Сухомлинский: «Басқару дегеніміз – адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жан дүниесіне үңіле білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушы өнер, даналықты жүрекпен ұға білу» деген екен.
Біз мектеп көшбасшылары қысқа мерзімді курстан өзімізге қажетті білім ала білдік.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз – деген еді ғұлама Әл – Фараби. Сондықтан өз ісінің маманы да, көпшіліктің адамы да бола білген Гүлнар Абдоллақызына алғысымыз шексіз.
ЗарипаТАСЫМОВА,
Қармақшы ауданы
№29 мектебінің директоры