БАҚЫТТЫ ЖАНДАР ТӨРДЕ ОТЫРАДЫ

Үй иесі де шайырмен салқын қабақ таныта амандасып, есік жақтағы орынды ықылассыз нұсқайды. Бағанадан бері асылып жатқан бағлан қозының еті пісіп, үлкен ас дайын болған кезде шаңырақ иесі ұлына:
– Көрші шалды шақырып кел. Мына кісімен табақтас болсын, - дейді. Көршісі сексен жасты алқымдаған қария екен. Сәлден соң жеткен қария да босаға жаққа Тұрекеңмен қатар жайғасады. Бір кезде су құйыла бастайды. Сонда әлгі қарт қолына су құйған балаға салт жөнімен:
– Көп жаса, балам! – деп ишарат білдіреді. Осы кезде Тұрмағамбет ақын орнынан қозғалып қойып, дауысын көтеріп, төрдегілерді нұсқап:
– Кәрі қақбас, көп жасағанда не бітірдің? Міне, есікте отырсың. Балаға бақытты бол де, әне, бақытты жандар төрде отыр, – депті.
Рүстем АРЫСТАНБАЙ