МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ, ҚАБІЛЕТІ ШЕКСІЗ АҚЫН

Шара мақсаты тағдырымен тайталасқан, қасіретін қасиетке алмастырған қайсар қыз Кенже Маханбетованың өмірі мен шығармашылығын көпшілікке таныстыру, жастарға ақынның ерлігін, өмірге құштарлығын үлгі ету.
Кездесуге Абылай хан атындағы колледж оқытушылары мен студенттері, қала жастары, оқырмандар қатысып, ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндері шырқалды.
Көпшілік назарына «Ақ қанатты ақын қыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

