МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ХҚКО ЖҰМЫСЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ
Бүгін Елбасының «7-20-25» бастамасын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде болды. Жаңадан қосылған мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, департамент жұмысына оң бағасын берді.
Халық қалаулысы қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылғанын атап өтті.
- Облыстарға жұмыс сапарым барысында міндетті түрде ХҚКО-тарына барып, халықпен жүздесуді жөн көремін. Өйткені дәл осы жерде Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы толық көлемде сезіледі», – дейді Б.Кесебаева.
Сонымен қатар, астаналық мейман департамент жанындағы «Нұр Отан» бастауыш партиясының қызметімен танысты. Одан кейін қызметкерлермен кездесіп, мемлекеттік қызмет көрсету және саланың басқа да мәселелі сұрақтары бойынша пікір алмасты.