ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қзылорда облыстық филиалының ғимаратында «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ»партиялық жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты да мүмкіндігі шектеулі балғындарымыздың маңдай тер еңбегі, төл өнерлерін жұртшылыққа паш етіп, қоғаммен байланысын арттыру,олардың қоғам алдында қажет екендіктерін сезіндіру, асқақ армандарының орындалытындығына көз жеткізу.
Шараны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы трағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қоғам болып жүзеге асыру керектігін айтты.
- Мемлекет басшысы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықына арнаған әрбір Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталып, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуді қоғам болып жүзеге асыруды үнемі айтып келеді. Бұл бағытта үкімет, жергілікті билік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, көрсетілетін қызмет түрлері жеңілдетіліп отыр. Жетекші партия өзінің «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталатын Сайлауалды бағдарламасында халықтың ең мұқтаж топтарына қолдау көрсетуді басты жұмыстарының бірі ретінде беліглеп, «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» партиялық жобаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі шара соның бір көрінісі екенін тілге тиек етіп, балғындарға шығармашылық табыс бен бақыт тіледі.
Көрмеге облыс орталығындағы 6 арнаулы оңалту орталықтарынан 76 оқушы қатысып, 200 жуық қол өнер бұйымын көрерменге ұсынды. Үздік деп танылған туынды иелері облыстық партия филиалы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.