ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Қармақшы ауданына арнайы іс сапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы келіп аудан активімен кездесті.
Жиынды аудан әкімі С. Мақашов жүргізіп, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт бағдарына Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын міндеттер бойынша іс-шаралар атқарылып отырғандығына тоқталды.
Парламент Сенатының депутаты Б.Еламанов «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінен туындайтын міндеттерді өңірлерде жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды талдап, пікірін білдірді. Сонымен бірге М. Бақтиярұлы еліміз экономикалық дамудың инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілетін арттыра түсуі тиіс екендігіне тоқталды. Еліміздегі жүргізіліп отырған реформаларға өз пікірін білдірді.
Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, аудан ардагері Ә.Құлдүйсенов, аудандық мәслихат депутаты А. Қаржаубаев сөз сөйлеп ұсыныстарын жеткізді.
Халық қалаулылары жұмыс сапарын одан әрі аудандық ауруханада жалғастырды.Аудандық аурухананың терапия мен жедел жұқпалы аурулар бөлімшесін аралап науқас кісілердің жағдайын біліп сұхбаттасты. Қазіргі таңдағы ем қабылдап жатқан кісілердің жағдайын көріп, дәрі – дәрмектің уақытылы берілуін, дәрігерлердің науқастарды қабылдауы және елімізде денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан реформалар туралы әңгімелесті.