ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА
Әлемде туберкулезге қарсы күрес күні 24 наурызда аталып өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен белгіленген бұл күн жыл сайын әртүрлі ұранмен өтеді. Биылғы науқанда 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Сырдария ауданында «Өзіңді туберкулезден қорға» ұранымен акция өтті.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен орталық аурухана бірлесіп іс-шара жоспарына сәйкес бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды.
- ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық мемлекеттік бағдарламасында» тубекулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2019 жылға 57,6 дейін, ал туберкулезден болатын өлім-жетім деңгейін 4,0 пайызға дейін төмендету көзделген. Туберкулез ауруымен ауырмау үшін балалардың, жас ұрпақтың сана сезімін оятып, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы және жеке бас гигиенасы туралы түсінікті қалыптастыруымыз қажет, - дейді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ұзақбаев.
Айта кетейік, акция барысында мектепке дейінгі және білім меру мекемелерінде туберкулез ауруының алдын алу жөніндегі түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға барлығы 17 мектептен 905 бала қамтылған. Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында ауыл шаруашылығы мамандарының қатысуымен дөгелек үстел ұйымдастырылды.
Ұлжан НУРБАЕВА,
Сырдария аудандық ҚДС басқармасының маманы