АЙМАҚТЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

АХАЖ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарында туылғандар саны 1692 адамды құраған. Бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 11,8%-ке көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 25,23 туылғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтарында облысы халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 251 адамға немесе 23,8% артты, 1305 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,46 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 387 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 15,7% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,77 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтарында облысында 1 жасқа дейінгі 17 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13,3% көбейды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 10,05 құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтардагы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 3784 адам кетіп, облысқа 3584 адам келді. 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 14,6%, ал облыстан кеткендер саны 24,8% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 4 адам (2017 жылғы қаңтарда - 4 адам), республиканың басқа облыстарынан 780 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1095 адам келген болатын.
Облыстан 983 адам немесе жалпы көлемнің 26% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтарда тиісінше 1928 адам немесе 38,3% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 1 адам, ал 2017 жылдың қаңтарда 5 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтарда 200 адамға, 2017 жылғы қаңтарда 834 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 2800 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтарда – 3099 адам).