ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН ЖАСАЛУДА
Бүгін Елбасы Н.Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманы» жария етті. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға жасалған игі бастама. Тұрғын үйге қолжетімділік деген өте тамаша шешім. Осы орайда «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайтын талапты ескеріп отыр.
Сонымен қатар білім алуға қолжетімділікті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық жария етілді. Қазіргі 54 мың гранттың үстіне 20 мың грант қосылғалы отыр.
Елбасы осының барлығына берекелі бірлігіміз болса, берекелі тірлігіміз болатынын атап айтты. Алдағы елеулі жұмыстарға орай тиісті заңнамаға қатысты нормативтік актілер бойынша түзетулер жасалады деп ойлаймыз.
Сәкен СЕРІКБАЕВ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда
облысы бойынша педагогикалық қызметкердің
біліктілігін арттыру институты
директорының орынбасары