АЛМАТЫЛЫҚТАР ЖЕР СІЛКІНІСІН СЕЗДІ
Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 2018 жылдың 2 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 15.20-да болды. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, жер сілкінісі 15.20.44-те болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының аумағында тіркелген. "Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5; магнитудасы - 3.7, ал тереңдігі 10 шақырым", - делінген хабарламада. Бастапқыда "Сейсмология институты" ЖШС директоры Анвар Боранбаев жер сілкінісінің Алматыдан 40 шақырым жерде болғанын хабарлаған еді.