САПА СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Оның айтуынша Қызылорда облысы бойынша аккредиттелген зертханалар «Казагрэкс» АҚ-ның Қызылорда филиалы және «Астық сапасы» ЖШС-гі астықтың сапасына сараптама жасауды жүзеге асыруда.
- «Казагрэкс» АҚ-ның Қызылорда филиалымен 57 173,39 тонна күріш дақылының өніміне (ақ күріш, ұсақ күріш) сапа сертификаты берілсе, «Астық сапасы» ЖШС-мен 63 864,3 тонна күріш дақылының өніміне (ақ күріш, ұсақ күріш), барлығы 121 037,69 тонна күріш дақылының өніміне сапа сертификаттары берілді. Күріш салысы экспортқа жіберілмегендіктен зертханалардан астық паспорты берілмеген. Қазіргі таңда шағымдар мен өтінімдер түспегендіктен тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Қазіргі таңда лицензиялы астық қабылдау кәсіпорындарында 29 854 тонна күріш астығы бар, оның ішінде 4 200 тонна күріш тұқымы, - дейді инспекциясының басшысы Еркебұлан Бекжанов.
