29 ҚАҢТАРДА ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚАТТЫ АЯЗ САҚТАЛАДЫ
Ел аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Алакол аумағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, күндіз Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысында аяз сақталады, кей жерлерінде күшейе түседі, Жамбыл облысында да үскірік аяз жалғасады, кей жерлерде өте қатты аяз болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде аяз сақталады, солтүстігінде кей жерлерінде күн суыта түседі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде үскірік аяз күтіледі.