«ТУҒАН ЖЕР – ТҰНҒАН ТАРИХ»

Қазақстандағы жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысан тізіміне облыстан 12 нысан таңдалып алынды. Олар «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналар» санатына жататын Жанкент, Сығанақ, Шірік Рабат және Жент қалашығы. «Діни және ғибадат орындары» санатына Оқшы ата, Қорасан ата, Төлегетай-Қылышты ата кешенді мазары, Бегім Ана мұнарасы, Қорқыт ата мемориалды кешені, Бұқарбай батыр кесенесі мен Жанқожа батыр мазары және Қызылорда қаласындағы Христос Спаситель шіркеуі туралы кеш барысында сөз етілді.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбек Мыңжасов, «Рухани жаңғыру» орталығы «Рухани қазына» бөлімінің басшысы Серікбай Қосанов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері Әлжан Төремұрат, Гүлжанар Оразалиева қатысты.
