ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында жаңа инновациялық технологияларды дамыту жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында бизнес-инновацияларды қолдау, нақты сектор тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру, сондай-ақ Назарбаев Университеті, АХҚО және IT-стартаптардың халықаралық технопаркі төңірегінде цифрлық және өзге де инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
primeminister.kz