БҮГІН ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰМАН ТҮСІП, ЖЕЛ БОЛАДЫ
Антициклонның әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы болады, тек батысында, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар күтіледі. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп хабарлайды. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады. Атырау облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.Маңғыстау, Павлодарда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.