ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛ УАҚЫТША ЖАБЫЛДЫ
«Қазавтожол» РМК мәліметінше 10 қаңтар сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолындағы 1474-1240 шақырымы аралығы (Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінен бастап Ақтөбе облысының шекарасына дейін) күн райының күрт суытуына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды.
Сонымен қатар, «Қазавтожол» РМК мамандары осындай себептермен осы автожолдың 1630-1720 шақырымы (Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалынан Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр) аралығы да жабылғанын хабарлайды.