ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН САЛЫНАТЫН АЙЫППҰЛДЫ АЗАЙТАТЫН ЗАҢ КҮШІНЕ ЕНЕДІ
Қазақстанда өзгертілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс» күшіне енеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Өзгертілген заңда жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі азайтылған. Ескі заң бойынша, жылдамдықты сағатына 10 километрден 20 километрге дейін асырғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (22 700 теңге) көлемінде айыппұл салынатын болса, жаңа заңда айыппұл мөлшерін бес АЕК-ке (11 350 теңге) дейін азайту қарастырылған. Сонымен қатар, «жол қиылысы мен торабынан өту ережесін бұзғаны» үшін салынатын айыппұлды 10 АЕК-тен (бір АЕК - 2269 теңге) үш АЕК-ке дейін азайту да қарастырылған. Бұған дейін жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылға дейін айырылатын. Жаңа заңда бұл мерзім алты айға дейін азайтылған.