ҰРПАҚҚА МҰРА ҚҰНДЫЛЫҚ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, туған жердің құндылықтарын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу мақсатында «Өлке құндылығы ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмені тамашалауға келген оқырмандар Сыр өңіріндегі тарихи орындары, киелі жерлер, ескерткіштер, құнды жәдігерлер туралы жазылған әдебиеттермен танысты.
Көрмеге 39 кітап және мерзімді басылымдардағы материалдар қойылды.