ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Оны ішінде индорхоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы Сұлтанбек Қобландинге, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері тоғызқұмалақтан 3 дүркін әлем чемпионы Хәкімжан Елеусіновке, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аят Әмірбековке табыс етілді. Қалған спортшыларға спорт түрлерінен ҚР спорт шебері атағының куәліктері берілді.
Жыл қорытындысы бойынша үздік спорт¬шылар, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен тବныл¬ған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен марапатталды.
Бокстан әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев, грек-рим күресінен V Азия ойындары және Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали, мәнерлеп сырғанаудан қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағына бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Байғұндиев, грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Юн, байдарка мен каноэ есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков лайық деп танылды.
Сондай-ақ, қалалық, аудандық спорт бөлімдері арасында Қызылорда қаласы бірінші орынды жеңіп алса, Жаңақорған екінші, Сырдария үшінші орындарды иеленді.
Спорт мектептері арасында №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі екінші, №5 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі үшінші орындарды еншіледі.
Жыл қорытындысына арналған жиында сала жұмысын жан-жақты насихаттаған БАҚ өкілдері де марапат иеленді.
Басқарманың атқарылған жұмысына келетін болсақ, 2017 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 пайызға көтеріліп, 211 271 адамға жетті.
Жыл басынан бері бұқаралық спортты дамытуға бағытталған 1571 іс-шара өткізіліп, оған 450 200 мың адам қатысты.
